10-тамыз Абай күні » Бұлақты орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бұлақты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 10-тамыз Абай күні
10
август
2022

10-тамыз Абай күні

"Бұлақты орта мектебі" мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10.08.2022 ж мектеп ұстаздарының арасында «Адамзат тудырған алып тұлға» атты танымдық дәріс өткізілді. Дәріс сабағында ұстаздарға Абай ақынның балалық шағы, еңбектері мен шығармаларының шығу тарихы туралы ақпарат беріліп, танымдық сұхбат жүргізілді. Сонымен қатар, жиында ақын туралы қалам тербеген ақын-жазушылардың еңбектері таныстырылып, ақпарат берілді






«Абай және ұлттық тіл» тақырыбындағы үздік эссе байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 10 оқушы қатыстырылды.
Іс-шараның мақсаты: хәкім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғырту, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Байқау нәтижесінде І орын 10а оқушысы Алтынбекқызы Аяулым, Серікболқызы Жанерке, ІІ орын 7 б сынып оқушысы Тубекбай Дамира, ІІІ орынды 10 а Нұржұма Үкілай, 7а Бауберік Жанерке марапатталды 


Абай өлеңдерінің мазмұны бойынша жас суретшілер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 6 оқушы қатыстырылды. Байқау нәтижесінде Каукенқызы Аружанның жұмысы жақсы деп бағаланды