Республикалық «Мектепке жол» акциясы » Бұлақты орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бұлақты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республикалық «Мектепке жол» акциясы
27
июль
2022

Республикалық «Мектепке жол» акциясы

"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы. 
Құрметті Бұлақты ауылының тұрғындары мен кәсіпкерлері!
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған Респуликалық "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз. 
Акцияның негізгі мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан, ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке баруына мүмкіншілік, көмек көрсету (мектепке қажетті құрал- жабдықтар, мектеп формалары). Осыған орай "Мектепке жол" акциясы ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу. 
Қайырымдылық қадірлі іс екенін ұмытпайық. Ең бастысы мейірімді жүрегің, таза ниетің болсын. 
Демеушілік жасаймыз деген азаматтар болса, Бұлақты орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қызырова Айман Илиясовна тел: 87770789568. 
Әлеуметтік педагог Даулетканова Салтанат Тасболатовна тел: 87088319017 хабарласыңыздар. 
Барлықтарыңызды "Мектепке жол" акциясына қатысуға шақырамыз! Акцияға қатысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз!!!