2023-2024 оқу жылындағы мектеп дефектологінің жылдық жұмыстарының талдауы
«Жетісу облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің « Бұлақты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі
2023-2024 оқу жылындағы мектеп дефектологінің жылдық жұмыстарының талдауы.
2023-2024 оқу жылына арналған тамыз айында жылдық жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сәйкес аралас спецификалық ауыткулары бар балаларға білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруіне уақытылы арнайы көмек көрсетілді. Оқу жылының басында бастауыш сынып оқушылардың даму деңгейінің диагностикасы жүргізілді , және оқудағы үлгермеүінің себебі анықталды. Қосымша оқытылатын оқушылардың саны – 5. Олар- 1«б»сынып оқушысы Әубәкір Гульмира, 2 сынып оқушылары Мырзахан Байбек , Бауыржан қызы Аружан және 4сынып оқушылары Ерболқызы Айлин, Абай Мирас. Бұл оқушыларға бейімделген оқу бағдарламалары құрастырылып, солар бойынша тақырыптық жоспарлар дайындалып жеке оқу жұмыстары үйымдастырылды. 1 сынып оқушысы Әубәкір Гульмира жыл басында әріптерді және сандарды танымаған,мұғаліммен және басқа балалармен қарым-қатынасқа бірден түспей ,есте сақтау қаблеті төмен, мінезі өте тұйық, қоршаған орта,табиғат көріністері, ауа райы, жыл мезгілдері туралы түсініктері өте баяу болған.2ші тоқсаннан бастап аптасына екі рет түзету сабақтарына қатысты, нәтижесінде әріптерді таниды,сандарды 10ға дейін біледі, қысқа сөздерді оқып жазады,сұрақтарға жауап бере алады,қоршаған орта,ауа райы, жыл мезгілдері туралы түсінігі қалыптасты.2ші сынып оқушылары Марзахан Байбек және Бауыжан қызы Аружан оқу және есеп шығару,танымдық қаблеттері төмен деңгейде болғандықтан аптасына екі рет түзету сабағына қатысты. Жыл соңында осы оқушылардың танымдық түсініктері жақсарып , оқу, жазу және есеп шығару дағдылары қалыптасты.4ші сынып оқушысы Ербол қызы Айлин аптасына екі рет түзету сабағына қатысты, жыл соңында оқу дағдылары жақсарды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ОПМК қорытындылары жинақталып үйден оқитын балаларға жеке күнтізбелік жоспар құрылып, құжаттары реттелді.Үйден оқытылатын Серікқажы Дастан-5 сыныпта оқиды. Оның диагнозы: Умеренные нарушения интеллекта. Общее недоразвитие речи 1уровня. Есте сақтау қабілеті төмен, зейіні тұрақсыз,сөйлеу тілі дамымаған.Бұл оқушыға арнайы ойын, жаттығу арқылы бекітілген Танымдық даму және Әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау пәндерден күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша танымдық әрекетін түзетуге ,қол моторикасын дамытуға және күнделікті тұрмыста өзіне- өзі қызмет көрсетуге, дасстархан әзірлеу,уақыт тану,бөлмесін жинауға байланысты сабақтар жүргізілді. 8сынып оқушысы Қали Алина- диагнозы Умеренные нарушения интеллекта.Нарушения опорно- двигательного аппарата: самостоятельно передвигающийся ребенок. Дизартрия. Есте сақтау қаблеті төмен, зейіні тұрақсыз. Алинаға әдістемелік нұсқау хатына сәйкес құрылған Танымдық даму және Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрылды. Уақыт тану, кеңістікті бағдарлау қаблетін дамыту,жыл мезгілдерінің келбетін,тактильді-қимылдықты қабылдау,houseтазалау, дастархан әзірлеу,қоғамдық коліктерді тану және жолда жүру тәртібі деген тақырыптар бойынша түрлі әдістер қолданып, оның ішінде өзіндік жұмыс,ойын,көшіріп алу және әңгімелеу ретінде жугізулді. 5 сынып оқушысы Құдайберген Айшұақ –диагнозы:Трек- қозғалыс аппаратының бұзылуы: өздігінен жүріп-тұра алMayды.Зиятының орташа бұзылысы. Бұл баланың қабылдауы,есте сақтау қаблеті төмен жағдайда, сабаққа деген ынтасы төмен. Физикалық даму ерекшіллігіне байланысты сөйлеу тілі қалыптаспаған. Оқушымен танымдық даму және әлеуметтік- тұрмыстық бағдарлау пәндер бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар құрылып, сабақтары әңгімелеу ретінде жүргізілді. Оқу жылының басында Айшұақ сабаққа зейіні ауыMay мазасызданып жүргізілген сабақтарға қызығушылық танытпаған.Жыл соңында оқушының сабаққа деген ынтасы өзгеріп тақырыптарды тыңдап көрсетілген сүреттерді көріп түсінгенін білдіретін болды. 3сынып оқушысы Дүйсен Кәусар диагнозыЗПР.Нарушения опорно-двигательного аппарата; самостоятельно передвигающийся ребенок.Общее недоразвитие речи-1уровня. Дизартрия.
Бұл оқушының есте сақтау қаблеті төмен, зейіні тұрақсыз, ірі және ұсақ моторикасы дамымаған,сөйлеу дағдылары дамымаған, көңіл- күйіне қарай сабақтарға қызығушылық танытады.Кәусәрға оқу жылының басында құрылған коррекциялық дамытуға арналған жоспар бойынша тузете-дамыту жұмыстары жүргізілді .Оқу жылы соңында Кәусәрдің сөйлеу тілінде өзгерістер байқалды, арасында бұындарды айтатын болды.
Орындаған мектеп дефектологі: У. Чаймарданова.